USD
USD
USD

Өзбекстан құрамасындағы қазақ жігіті жеңіске жетті

Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасында өнер көрсететін қазақ жігіті, 20 жастағы Руслан Абдуллаев ширек финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпара

Өзбекстан құрамасындағы қазақ жігіті жеңіске жетті
Фото: NEGE.kz

т.

Алматы, NEGE. Азия чемпионы Р.Абдуллаев 63,5 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда маврикиялық Ришарно Луи Колинмен жұдырықтасты.

Өзбекстандық боксшы айқын басымдылық көрсетіп, екінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Ол үшінші кезеңде де осы қарқынынан танған жоқ.

Р.Колин бұдан бұрын 1/16 финалда қазақстандық Санатәлі Төлтаевты жеңіп кеткен еді.

Руслан Абдуллаев 2019-2020 жылдары Қазақстанға келіп, осында жарыстарға қатысып, құрамаға ілігуге тырысқан болатын. Алайда ол ойы орындалмағаннан кейін Өзбекстанға қайтып кеткен еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Санатәлі Төлтаевтың жарыс жолынан шығып қалғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ 6 мамырда Асланбек Шымбергенов пен Дулат Бекбауовтың сынға түсетіні хабарланды.

Бүгін Дулат Бекбауов келесі айналымға өтті.

Қазір оқып жатыр

Алматы 265-орында: Қазақстанның үш қаласы әлемдік рейтингке енді

Алматы

Нақты дерек пен қауесет: Almaty Superski жобасына қарсы шыққан «экобелсенділердің» уәжі неге сенімсіздік тудырады?

Almaty Superski бойынша өткен баспасөз мәслихаты

КҚК-ға жасалған шабуылдардың салдары Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?

КТК

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG