USD
USD
USD

Өзбекстан Қазақстанға сотталғандарды тасымалдауға арналған вагондар жасап берді

Ташкент заводы Қазақстанға сотталғандарды тасымалдауға арналған вагондар жасап берді, деп хабарлайды «Узбекистон темир йуллари» АҚ баспасөз қызметі.

Өзбекстан Қазақстанға сотталғандарды тасымалдауға арналған вагондар жасап берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Ташкент жолаушылар вагондарын салу және жөндеу зауыты тапсырыс бойынша арнайы контингент үшін – сот шешімімен қамауға алу немесе бас бостандығынан айыруды көздейтін жаза түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалған адамдарды тасымалдауға арналған сегіз жаңа жолаушылар вагонын жасады", - делінген хабарламада.

Вагондар Қазақстан Ұлттық ұланының техникалық шарттары бойынша дайындалды. Ақпарат бойынша, олар Астанаға жеткізіліп, тапсырыс берушіге тапсырылған.

"Вагондарда ауаны баптау жүйесімен жарақтандыру, ауыз су мен ауаны зарарсыздандыруға арналған жабдық, био-дәретхана, бейнебақылау құрылғысы, есіктердің жай – күйі туралы дабыл құрылғысы және т.б. бар", - деп хабарлады компания.

Қазір оқып жатыр

Халық кеңесін құруға бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінбек: қаражат қайда жұмсалады?

Ақша

Ұлттық қор активін 100 млрд долларға жеткізу мерзімі кешеуілдеуі мүмкін: себебі неде?

Тиындар

eGov-та шұғыл ауруханаға түскенде жақындарыңды хабардар ететін қызмет іске қосылды

eGov

ШҚО-да әйел адамды өлтірді деген күдікпен оқушы ұсталды

Кісен