USD
USD
USD

Өзбекстан гуманитарлық көмек жіберді

Бүгін Түркістан қаласына Өзбекстаннан үш жүк көлігіне тиелген гуманитарлық көмек келді. Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.Мирзиёевтің тапсырмасы аясында жіберілген керуенді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов бастаған топ қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өзбекстан гуманитарлық көмек жіберді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Арнайы шараға қатысқан Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі С.Ниязходжаев сын сағаттарда бауырлас елдер бір-біріне қолдау білдіру қажеттігін айтты. Оның сөзінше, көмек керуенінде 150 мың медициналық бетперде, 2500 қорғаныс киімі, 150 мың медициналық қолғап, 1000 термометр және 440 кереует бар. Көрші елден келген көмекке облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов алғыс айтып, ризашылығын білдірді. Аталған көмек алдағы уақытта Түркістан облысының барлық медициналық мекемелеріне үлестірілмек. Айта кетейік, бұған дейін су тасқыны орын алған Мақтаарал ауданына да Өзбекстаннан көмек қолы жеткен болатын. Көрші елдің азаматтары елдімекендерде су сору жұмыстарын жүргізіп, аумақты күл-қоқыстардан тазартқан болатын.

Қазір оқып жатыр

Құлыбаевпен байланысты компанияның бір бөлігі аукционда 36 млн теңгеге сатылды

Құлыбаев

Қазақстанда бензин мен дизель отыны бағасы өсуі мүмкін

Бензин, дизель

Ер адам мемлекеттен үй алу үшін кезегін 30 жыл күткен

кілт

Ақылы жолдарда лазерлер орнатыла бастады: ол не үшін қажет?

Лазер