Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Өзбекстан газ экспортын тоқтатты

Өзбекстан шетелге көгілдір отын экспортын тоқтатты.

Өзбекстан газ экспортын тоқтатты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ал үкімет жаңа импорттық келісімдер жасауға кірісті. Көрші елдерден сұйытылған газ немесе бензин жеткізуге мүдделі. Өзбекстанды газбен қамту кейінгі жылдары күрделі мәселеге айналды. Тұтыну көлемі жыл сайын артып келеді. Оның жетіспеушілігі жылу электр орталықтарына да әсер етті. Себебі кәсіпорындардың дені көгілдір отынмен жұмыс істейді. Ал газ құю бекеттерінде ұзын-сонар кезек. Жеке және мемлекеттік нөмірі бар көліктерге метан сатылмайды. Тек бензинмен жүруіне рұқсат. 

 Энергетика министрлігі жағдайға түсіністікпен қарауға шақырып отыр. Себебі қазір үнемділік қажет. Мүлдем жарықсыз қалу қаупі де бар. Биыл қаңтардағы блэкаут әлі ел жадында. «Газ жеткілікті болса, мәселе шешімін табады» дейді үкіметтегілер.

Жорабек Мырзамахмұдов, Өзбекстан Республикасының энергетика министрі:

 – Біздің міндетіміз үйлерді газбен қамту, сондай-ақ табиғи отынды пайдалана отырып, жылу электр станцияларында электр қуатын өндіру. Иә, желіде проблемалар бар. Оны  мойындаймыз. Осындай ауа райында жоспарлы шектеулер енгізбесек, одан да ауыр зиян шегуіміз мүмкін. Сондықтан қатаң шараларды қабылдауға мәжбүрміз.

Қазір оқып жатыр

Бозымбаев: Қарағанды облысы жылыту маусымына 15 қыркүйекке дейін дайын болуы тиіс

.

Жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтарға 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы берілмек

сыйақы

«Самұрық-Қазына» ERG арқылы табыс табуы мүмкін – сарапшы

ERG

210 шақырымнан астам жол артта қалды: Қарағанды Меңдібай ағаның жаңа Құрылтайға бастар жолын қолдады

Меңдібай ағаның парақшасындағы бейнежазбадан алынған кадрлар