Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Өзбекстан: далаға шығуға рұқсат берді

Өзбекстан билігі карантин шарттарын жеңілдете бастады. Тұрғындар жекеменшік автокөліктерін пайдалана алады, үйге жақын маңда балалармен серуендеуге рұқсат етіледі. Бұл туралы ел президенті Шавкат Мирзияев мәлімдеді.

Өзбекстан: далаға шығуға рұқсат берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Автокөлікті таңертең сағат 7:00-10:00 аралығында, ал кешке сағат 17:00-20:00 аралығында жұмысқа, дәріханаға немесе дүкенге барып қайту үшін пайдалануға болады. Арнайы рұқсаты барларға автокөлікпен жүруге шектеу жоқ.

Сонымен бірге Өзбекстан президенті облысаралық және қалааралық жүк қатынасына рұқсат берді. Шаруалар өсірген жеміс-жидекті, астықты және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін сауда орындарына, жәрмеңкелерге және базарларға жеткізуге рұқсат.

"Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы мен күннің жылуын ескеріп, ата-аналарға балалармен серуендеуге рұқсат етілді", - деп мәлімдеді Мирзияев. Бірақ олар үй маңынан қатты алыстамауы керек.

Ресми мәлімет бойынша, Өзбекстанда 2002 адам коронавирус жұқтырған. 1066 адам жазылған, сегіз адам қайтыс болған.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА