Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Өзбекстан: Білім беру мекемелері онлайн форматқа ауысты

ӨзА 

Өзбекстан: Білім беру мекемелері онлайн форматқа ауысты
Фото: NEGE.kz

Өзбекстанда жоғары оқу орындары мен мектептегі сабақтар бір ай бойы онлайн форматқа ауыстырылды, деп хабарлайды агенттігі.

Алматы, NEGE. Халыққа білім беру министрлігі 24 қаңтардан бастап мектептер бір ай бойы онлайн режимде жұмыс істейтінін мәлімдеді.

«Денсаулық сақтау министрлігі мен Санитарлық-эпидемиологиялық қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің балалар мен жастар арасында коронавирус инфекциясының жаңа штамының таралуын болдырмау жөніндегі ұсынымдары негізінде 24 қаңтардан бастап бір ай бойы мектептерде оқу процесі онлайн режимде жүргізіледі.

Оқушылар үшін қашықтықтан оқу кезінде сапалы білім алуы Ұлттық телерадиокомпания мен «Онлайн мектеп» телеграм-каналы арқылы жүзеге асырылады. «Онлайн мектеп» жобасы бойынша сабақ кестесі күн сайын «Онлайн мектеп» телеграм каналы арқылы жарияланады», делінген хабарда.

Бұдан бөлек, елдегі жоғары оқу орындарында да сабақтар бір ай бойы онлайн режимде өтетін болды.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел