USD
USD
USD

Өзбекстан бетпердесіз жүргендерге айыппұл сала бастады

Өзбекстанда бүгіннен, яғни 25 наурыздан бастап көшеде бетпердесіз жүргендерге қомақты айыпұл салынады. Ортақ талапты орындамағандар осындай жаза қолданылатыны жұртшылыққа 23 наурыз күні ескертілген.

Өзбекстан бетпердесіз жүргендерге айыппұл сала бастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Koronavirus Info сайтына сілтеме жасап CentralAsia (UZ) хабарлады.

Ереже бұзған адам 223 мың сум (23 АҚШ доллары) төлеуге міндетті. Егер заң бұзушылық екінші мәрте қайталанса, 669 мың сум (70 АҚШ доллары) айыппұл арқалайды. 23 доллар дегеніңіз – Өзбекстандағы ең төменгі жалақы мөлшерімен тең қаражат.

Құқық бұзғандарды Ұлттық ұлан сарбаздары мен патрульдік қызмет өкілдері қадағалайды. 23-24 наурыз күндері Өзбекстанмен қоса, Қарақалпақстан тұрғындарына да тек ескерту жасалып келген. Бүгіннен бастап, ереже бұзғандар айыппұл төлейді. Бір айта кетерлігі, Өзбекстан жұртшылығына медициналық бетперделер тегін таратылған.

Қазір оқып жатыр

«Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды

рақымшылық

Экс-депутат Татьяна Савельева қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Татьяна Савельева

Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауытын салу мәселесі қарастырылуда – Энергетика министрлігі

Ерлан Ақкенженов

Атырау МӨЗ-дегі шығарындылар дауы: кәсіпорын не дейді?

мұнай өңдеу