Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Өзбекстан азаматы көрші келіншекті қызының көзінше өлтірген

Өзбекстандағы Наманган қаласының тұрғыны тұрмыстық жанжал кезінде ет шапқымен көрші келіншекке тап беріп, оны аяусыз өлтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өзбекстан азаматы көрші келіншекті қызының көзінше өлтірген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Көршілер арасындағы шиелініс 12 маусымда басталыпты. Жер дауы кезінде ер адам лом темірмен әйелге қарай тұра жүгіргенде сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар оны тоқтатқан.

Ол кезде 31 жастағы ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. 

Бірнеше күннен кейін көршісі егіз інісімен бірге әйелдің үйіне тағы келеді. Олардың қолында ет шапқы мен пышақ болған.

Көршісі үйден шыққан бетте ер адам оған шабуыл жасап, бірнеше рет ет шапқымен қарнынан ұрып, содан кейін саусақтарын шауып тастаған. Жантүршігерлік оқиға әйелдің кәмелетке толмаған қызының көз алдында орын алған.

48 жастағы әйел алған жарақаттарынан мерт болды.

Қаскөйге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ер адам қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Қарағанды облысындағы дала өртінен екі адам зардап шекті

Қарағанды облысы

Бір күнде 14 айыппұл: Алматы облысында жүргізушілер дабыл қағып жатыр

Автобан

Мемлекет БАҚ пен блогерлердің аккаунттарын бұғаттауға мүдделі емес – Аида Балаева

Аида Балаева

Мәскеу облысында Wildberries-тің ірі қоймасы өртке оранды

Вайлдберрис