USD
USD
USD

Өзбекстан 2023 жылы латын қарпіне толықтай көшеді

Латын әліпбиімен 28 жыл әлек болған Өзбекстан латын қарпіне толық көшу процесін кезең-кезеңімен жүргізеді.

Өзбекстан 2023 жылы латын қарпіне толықтай көшеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ігедегі ағайын әлі күнге дейін қос алфавитті пайдаланып келе жатыр. Латын әліпбиі қолданысқа толықтай еніп кетуі үшін Үкімет жол картасын әзірлеген. Оған сәйкес жеке куәліктер 2022 жылдың басынан, ресми веб-сайттар, іс қағаздарын жүргізу, көшелер мен мекеме атаулары, жарнамалар мен хабарландырулар, бұқаралық ақпарат құралдары 2022 жылдың желтоқан айынан латынға көшеді.

Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі департамент директоры Абдугаппар Қырғызбаев: "Өзбекстан латын қарпіне толықтай 2023 жылдың бірінші қаңтарынан бастап көшеді. Бұл процесс бізде кезең-кезеңімен жүреді. Біздің ғалымдар бекіткен емле ереже бойынша алфавитте 26 әріп, 3 диграф пен 1 апостроф бар. 2023 жылға дейін бұл әліпби қатты өзгере қоймас деп ойлаймын", - деді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер