Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Футболдан әлем чемпионаты: Өзбекстан құрамасы дебюттік матчында Колумбиядан жеңілді

Футболдан әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасы дебюттік матчын өткізді. Өзбекстан және Колумбия командалары К тобының алғашқы турында кездесті.

Футбол
Фото: instagram.com/uzbekistanfa

Астана, NEGE. Матч Мехикодағы атақты «Ацтека» стадионында өтті.

Кездесуде Колумбия құрамасы 3:1 есебімен жеңіске жетті. Жеңімпаздар сапынан қорғаушы Даниэль Муньос (40-минут), шабуылшы Луис Диас (65) және жартылай қорғаушы Хаминтон Кампас (90+9) гол соқты.

Өзбекстан құрамасының жалғыз голын Аббосбек Файзуллаев 60-минутта салды. Осылайша ол Өзбекстан құрамасының әлем чемпионаты тарихындағы алғашқы голының авторы атанды.

Бірінші турдан кейін Колумбия құрамасы 3 ұпаймен топта көш бастады. Португалия мен Конго Демократиялық Республикасы бір-бір ұпайдан жинап, екінші-үшінші орындарды бөлісті. Ал ұпай еншілей алмаған Өзбекстан құрамасы төртінші орынға тұрақтады.

Өзбекстан құрамасы келесі матчын 23 маусым күні Португалияға қарсы өткізеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық көлік бағыттарының маңызды бөлігіне айналып келеді

логистика

Каспий теңізі бетін майлы дақ басты: экологтар не дейді?

Каспий

25 тамыздан бастап электросамокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады

самокат

Стример әйел TikTok-тағы эфирден кейін психикалық ауруханаға жатқызылды

стример