USD
USD
USD

Өзбекстан құрамасы 2024 жылғы Олимпиадада үшінші алтынын жеңіп алды

Өзбекстан құрамасы дзюдо, бокс және таэквондодан үш алтын медаль жеңіп алды.

Өзбекстан
Фото: insidethegames.biz

Алматы, NEGE. Таэквондошы Ұлықбек Рашитов пен боксшы Хасанбой Дусматов 2024 жылы Парижде өтіп жатқан Олимпиадада Өзбекстан құрамасының қоржынына тағы екі алтын қосты.

Таэквондошы Ұлықбек Рашитов финалда иорданиялық қарсыласы Заид Абдул Каримді жеңіп, Өзбекстанға екінші алтынды әкелді.

Осылайша таэквондошы Ұлықбек Рашитов екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды (Токио 2020, Париж 2024).

Хасанбой Дусматов Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарында бокстан 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанып, Өзбекстан құрамасына үшінші алтынды әкелді.

Ақтық кездесуде Думатов Франция өкілі Биллал Беннамамен кездесті. Бұл жекпе-жек өзбекстандық спортшының жеңісімен аяқталды.

Хасанбой Дусматов та екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды (Рио 2016, Париж 2024).

Бұған дейін Диёра Келдиёрова дзюдодан Өзбекстан құрамасына Олимпиаданың алтын медалін жеңіп алған болатын.

Қазір Өзбекстан Олимпиада құрамасының қоржынында 3 алтын, 2 қола медаль бар.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда қаржы өнімдерінің жарнамасына қойылатын талап күшейеді

банк

Жарты жылға созылған жөндеу: қытайлық көліктер сервисі неге ақсап тұр?

авто

«Қаржыландыру қысқарса, әлемде ВИЧ індеті қайта өршуі мүмкін» – БҰҰ

ВИЧ

​Серікқали Брекешевке жаңа қызмет бұйырды

Серікқали Брекешев