USD
USD
USD

Өзбекстан Футболдан әлем чемпионатына орай коллекциялық монеталар шығарады

Өзбекстан Орталық банкі ұлттық құраманың футболдан алғаш рет әлем чемпионатына қатысу құрметіне орай таза алтын мен күмістен естелік монеталар шығарады.

Өзбекстан
Фото: instagram.com/centralbankuzbekistan

Астана, NEGE. 999,9 сынамалы таза алтын мен күмістен соғылатын монеталардың аверсінде  футболдан Өзбекстан құрамасының логотипі, классикалық футбол добы және «Тарихи жеңіс. Өзбекстан футболы 2026 жылғы әлем чемпионатында» деген жазу бейнеленген.

Монеталардың дизайнында жанкүйерлер арасында «Ақ қасқырлар» деген атаумен танымал ұлттық құраманың символы да көрініс тапқан. Реверстегі қасқыр құрамадағы 26 ойыншының сұлбасынан құралған.

Салмағы 31,1 грамм болатын монеталардың тиражы шектеулі болады: 100 алтын және 1000 күміс дана.

18 маусымнан бастап естелік монеталар коммерциялық банктердің 690 филиалында сатылымға шығарылады.

Қазір оқып жатыр

Қазақ айтысының көрнекті өкілі Надежда Лушникова өмірден өтті

Надежда Лушникова

ШҚО-да қызының ернінен сүйген ер адамның әрекетіне қатысты тексеру басталды

Қыз

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жүк тасымалдаушылардан кепілдік жарна талап етіле бастайды

«Қазығұрт» өткізу бекеті

Қазақстанда кедейлік деңгейі төрт есеге жуық төмендеді

ақша