USD
USD
USD

Өзбекстан энергетика жүйесіндегі ақаудан Қазақстанның кей өңірі уақытша жарықсыз қалды

25 қыркүйек таңертең Қазақстанның кейбір өңірлерінде электр энергиясын беру уақытша шектелді. Бұған Өзбекстанның энергожүйесінде болған ірі ақау себеп болды.

Электр жарығы
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде KEGOC хабарлады. Компания ақпаратынша, таңға жуық Өзбекстан энергетикалық жүйесіндегі қуаты 1516 МВт болатын генерация сөніп қалған. Бұл Орталық Азия энергетикалық жүйесі тарапынан қуаттың күрт артуына әкеп соғып, Солтүстік-Оңтүстік электр беру желісі ажыратылды.

«Қазақстан энергетикалық жүйесіндегі тұтынушылардың жүктемесін азайту 962 МВт-ты құрады. Апаттық басқару жүйелері жобаланғандай жұмыс істеді», – деп хабарлады KEGOC.

Шамамен 40 минуттан кейін Қазақстан БЭЖ-нің Оңтүстік аймағы мен Орталық Азия Бірыңғай энергетикалық жүйесі арасында параллель жұмыс қалпына келтірілді. Осыдан кейін тұтынушылардың жүктеме шектеулері алына бастады.

Өзбекстанның Энергетика министрлігі бүгін елдің электр энергетикалық жүйесінде 1600 МВт көлемінде қуаттың апаттық ажыратылуы болғанын хабарлады. Ведомство мәліметінше, апаттық ажырату Сырдария облысында орналасқан, EDF компаниясына тиесілі жаңа жылу электр станциясында болған.

Еске салсақ, 14 тамызда Қазақстанның бірнеше өңірінде жарық сөніп қалды. KEGOC өкілдері бұл жағдайды Қырғызстандағы Тоқтоғұл ГЭС-інде екі гидрогенератордың  ажыратылғанымен түсіндірді. Соның салдарынан Қазақстанның «Солтүстік – Шығыс – Оңтүстік» электр транзитіне шамадан тыс жүктеме түсіп, елдің оңтүстік аймағы Қазақстанның бірыңғай электр жүйесінен, сондай-ақ Орталық Азияның біріккен энергия жүйесінен ажырап қалған.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Өскемен тас жолын жөндеген мердігер мемлекетке 115 млн теңгеден астам шығын келтірген – прокуратура

жол жөндеу

«Ақталмаймыз»: қызын ернінен сүйіп құттықтады делінген ер адам желіде мәлімдеме жасады

смартфон ұстаған ер адам

Тоқаев Азия ойындарында алтынынан айырылған спортшыны да марапаттады

Ясмина Тоқсанбаева

Вице-президент, Құрылтай төрағасы: Ұлттық пантеонға жерленетін тұлғалар тізімі жаңартылды

Пантеоан аумағы