21 Желтоқсан 18:53
...

Өзбекстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі мүмкін

сауда
Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

Өзбекстан Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) қосылу процесін толық аяқтауға ниетті, деп хабарлады Kazinform.

Алматы, NEGE. Бұл туралы кәсіпкерлермен кездесуде сөз алған ел президенті Шавкат Мирзиёев мәлім етті.

Бұған дейін ДСҰ-ға қосылу бойынша Өзбекстан АҚШ және Қытаймен арада өткен келіссөздерді қорытындылаған еді.

"Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу процесі аяқталуға жақын. Осыған байланысты ДСҰ ережелеріне қарама-қайшы келетін жеңілдіктер жойылады. Сонымен қатар, нарықта әділ бәсекелестік орнатып, барғаша тең мүмкіндік ұсыну үшін қажетті жағдай жасалады", - деп мәлім етті Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев.

Еске салайық, келер жылы Өзбекстан $43 млрд инвестицияны игеруді жоспарлап отыр.Бұған дейін Өзбекстан Сенаты елдің 2025 жылға арналған бюджетін мақұлдаған болатын. Оған сай, шоғырландырылған бюджет кірісі 431 трлн сум (шамамен $33,4 млрд), шығыстар 480,5 трлн сум ($37,3 млрд) шамасында жоспарланған.

Өзбекстан басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2024 жылы экономикаға құйылған инвестиция көлемі 1,3 есе өсіп, 36 млрд доллардан асты. Соның арқасында жыл басынан бері 560 ірі және орта жоба іске қосылды. Оның жалпы құны 70 трлн сумды (шамамен 5,4 млрд доллар) құрайды.

"Келесі жылы 43 млрд доллар инвестиция құю жоспарланып отыр, бұл бізге 300-ден астам ірі жобаны жүзеге асыруға және импортпен бәсекеге түсе алатын 662 жаңа өнім түрін шығаруға мүмкіндік береді. Экспорттық логистикалық тізбектер күрделене түсуде, негізгі экспорттық нарықта дайын өнімге сұраныс азайды. Осындай жағдайда экономиканың өсу қарқынын жеделдету үшін ішкі ресурстарды толық жұмылдыру қажет. 2030 жылға қарай жыл сайынғы экспортты 45 млрд долларға дейін екі есеге жеткізу мақсаты қойылған", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Өзбекстан Сенаты 2025 жылға арналған бюджетті бекіткен болатын. Шоғырландырылған бюджет кірісі 431 трлн сумды (шамамен 33,4 млрд доллар), шығыстары 480,5 трлн сумды (37,3 млрд доллар) құрайды деп болжанды.