Temu маркетплейсі Қазақстан қоғамына қаншалықты қауіпті?

Қытайдың Temu маркетплейсі төңірегінде шу әзірге басылмай тұр. Қазірдің өзінде бірнеше елде қауіпті деп танылып, кейбір мемлекет тыйым салып үлгерді.
Екі жылдай бұрын электронды коммерция нарығына енген қытайлық Temu маркетплейсі агрессивті жарнама, төмен бағалар және бонустар арқылы жылдам танымал платформаға айналды. Алайда бірнеше айдан кейін қауіпсіздік пен сапа мәселелері бойынша даулы жағдайларға тап болған соң, АҚШ-тың кейбір штаттары мен Индонезия Temu-дің жұмысын тоқтатты.
Жақында Өзбекстан үкіметі Қытайдың Temu маркетплейсі жабылуы мүмкін екенін хабарлады. Перспективті жобалар ұлттық агенттігінің электронды коммерция департаментінің басшысы Камронбек Мұхаммедиевтің айтуынша, бұған Өзбекстанда жұмыс істейтін халықаралық интернет-компанияларға соңғы уақытта қойылған талаптардың сақталмауы себеп болған.
Министрлер кабинетінің 2024 жылғы 28 желтоқсандағы №885 қаулысына сәйкес, Өзбекстанда заңды тұлғаны тіркеу үшін шетелдік онлайн платформалар міндетті саналады. Ал 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап олар үшін қосымша шарт – электрондық коммерция субъектілерінің тізіліміне енгізілді», – делінген хабарламада.
Temu компаниясының өкілдері лицензия алу және ресми тіркелу үшін Перспективті жобалар ұлттық агенттігіне әлі хабарласқан жоқ. Егер компания белгіленген ережелерді сақтамай жұмысын жалғастыра берсе, платформаға кіру шектелуі мүмкін.

«Бүгінде Temu жаңа нарықы белсенді түрде жаулап алуда. Агрессивті маркетинг және баға демпингі арқылы өзін алға жылжытып келеді. 2024 жылы компания жарнамаға және бағаны төмендетуге 4 миллиард доллар бөлсе, ал 2025 жылы бұл сома 10 миллиард долларға дейін артуы мүмкін», – деді Мұхаммедиев.
Өзбекстан Перспективті жобалар ұлттық агенттігінің өкілі Түркияны мысал ретінде келтіріп, «мұнда Temu-дың келуі жергілікті Trendyol ойыншысының позициясына айтарлықтай әсер етті. Нәтижесінде олар Қытай нарығын толығымен жабу туралы шешім қабылдады.
Айта кету керек, Temu – қытайлық Pinduoduo компаниясының жобасы. Ол қолданушыларға лотерея мен жеңілдіктер ұсынғанымен, деректер қауіпсіздігі бойынша алаңдаушылық туғызды. 2017 жылы Қытай үкіметі барлық қытайлық компаниялардан барлау агенттіктерімен жұмыс істеймін деп талап етті. Осы заңға сәйкес, Temu пайдаланушылардың жеке ақпараты Қытайдың мемлекеттік органдарына жетуі мүмкін. Сонымен қатар, Temu мобильді қосымшасы қолданушылардың камераға, микрофонға, геолокацияға және басқа да деректерге рұқсатсыз қол жеткізуі мүмкін.
Grizzly Research компаниясы Temu-ды қауіпті қосымша ретінде сипаттап, оның деректер жинау мен шпиондық мүмкіндіктері туралы ескерткен болатын. Кейбір қолданушылар платформаны орнатқаннан кейін электронды поштаға спамның келетінін айтса, одан бөлек Temu өнімдерінен формальдегид, фталаттар және қорғасын сияқты қауіпті заттар табылғаны белгілі болды.
Тіпті, кейбір батыс ақпарат құралдары Temu-дың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы еңбек лагерлерінде жасалған тауарларды сататынын мәлімдеді. Ал былтыр мердігерлер Temu-дің ақшаны қайтару саясатына наразылық білдіріп, 300-ге жуық кәсіпкер кеңсе алдында ақшаны қайтару саясатына байланысты наразылық акциясын өткізді.
Айтпақшы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің атына жолдаған депутаттық сауалында қазақстандық сатып алушылардан табыс алатын сыртқы нарыққа қосылған құн салығын салуды ұсынды.
«Ақ жол» партиясы жетекшісінің айтуынша, шетелдік маркетплейстер 200 еуроға дейінгі тауарды бажсыз әкелу құқығын пайдалана отырып, іс жүзінде жергілікті кәсіпкерлерге қарағанда салықты аз төлейді.