USD
USD
USD

Өзбекстан билігі кедейлік деңгейін төмендетуге күш салмақ

Геосасяи жағдайға қарамастан, ел экономикасы 6,3%-ға өсіп, $111 млрд теңелді.

Өзбекстан президенті
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ірі кәсіпкерлермен кездескен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев осылай мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

 Өзбекстан басшысының баспасөз қызметінен хабарлағандай, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету салаларына $38 млрд инвестиция тартылып, елдің жылдық экспорты $26 млрд асқан. Шавкат Мирзиёевтің айтуынша, биыл кедейлік деңгейі 9%-ға дейін төмендейді.

«Егер біз тиімді ынтымақтастыққа негізделген жұмысты жалғастыра берсек, келер жылдары бұл көрсеткішті 6%-ға дейін төмендете алатынымызға сенімдімін», – деді Өзбекстан президенті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу процесі аяқталуға жақын. Еске салайық, келер жылы Өзбекстан $43 млрд инвестицияны игеруді жоспарлап отыр.

Бұған дейін Өзбекстан Сенаты елдің 2025 жылға арналған бюджетін мақұлдаған болатын. Оған сай, шоғырландырылған бюджет кірісі 431 трлн сум (шамамен $33,4 млрд), шығыстар 480,5 трлн сум ($37,3 млрд) шамасында жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

Қарағанды облысында қызды топ болып зорлаған бес жасөспірім сотталды

Қылмыстық іс

Ақтауда ерлі-зайыпты интим қызмет көрсететін адамды бопсалап, 3 млн теңге талап еткен

әйел

Журналист Александра Алехованың жазасы жеңілдетіліп, кәсіби қызметімен айналысуға рұқсат берілді

Александра Алехова

Ұсталған Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиев туралы не белгілі?

Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиев