USD
USD
USD

Өзбек президенті сотталған 83 әйелге рақымшылық етті

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев «Әйелдердің Халықаралық күніне байланысты бас бостандығынан айырылған бір топ сотталған әйелге рақымшылық жасау туралы» қаулыға қол қойды.

Өзбек президенті сотталған 83 әйелге рақымшылық етті
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE. Президенттің бастамасымен арнайы жұмыс тобы сотталғандардың жеке істерімен танысқан және әрқайсымен сөйлесіп шыққан.
Нәтижесінде комиссия түрмеде отырған 83 әйелге рақымшылық жасау туралы шешім қабылдады. Кешірім алғандардың ішінде 7 шетел азаматшасы бар.
12 әйел жазасын өтеуден толық босатылады, 29-ы шартты мерзіммен еркіндікке шығады, 17 әйелге тағайындалған жаза жеңіл түріне алмастырылады. Оның нәтижесінде 58 әйел жақын күнде түрмеден босап шығады, қалған 25 әйелдің жаза мерзімі қысқарады.

Қазір оқып жатыр

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy

Каспийдегі сарбаздардың қазасы: әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков қамауға алынды

Қанат Ниязбеков

Армения парламентінде жанжал шығып, депутаттар төбелесті

Армения депутаттары