USD
USD
USD

Озат шопан мен жылқышыға 15 млн теңгеден берілді

 ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың 125 жылдығына орай Жамбыл облысында Қазақстан малшыларының республикалық слеті өтті.

Озат шопан мен жылқышыға 15 млн теңгеден берілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Данқты шопан Жазылбек Қуанышбаев соғыстан кейінгі жаңа өмірдің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосты. Ол алғашқылардың бірі болып қаракөл қойын өсіруді қолға алды. Биыл өңірде бірқатар іс-шара жоспарланған. «Жалпақ жұрттың Жаз атасы» кітабының тұсауы кесілді», – деді жиында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Көрмеге асыл тұқымды бұқалар, жылқылар, голштейн-фриз және швейцариялық сиырлар, сондай-ақ жаңа ауыл шаруашылығы техникалары ұсынылды. Басқосу барысында мал шаруашылығын, агроөнеркәсіп кешенін дамытудың кең ауқымды мәселелері, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру тетіктері талқыланды. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, бүгінде облыста мал басы артуда, нақтырақ айтсақ: ірі қара саны – 10,7 пайызға, ұсақ мал – 3,7 пайызға, жылқы – 5,2 пайызға, түйе – 7,5 пайызға өскен. Қонақтарға арналып спорт және мәдени шаралар ұйымдастырылды. Көрме түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттау рәсімімен түйінделді. Сала ардагерлері Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» және «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгілерімен марапатталды.

«Мұндай деңгейде малшылардың слеті алғаш рет өтіп отыр. Біз өзекті мәселелерді талқылауға, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алдық. Еліміздің және облыс басшылығына көрсеткен қолдауы мен ықыласы үшін алғысымызды білдіреміз», – деді «Үздік шопан» номинациясын жеңіп алған Т.Рысқұлов ауданынан келген Сейтбек Дүйсенов. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев шаруа қожалықтың озат шопаны мен жылқышысына 15 миллион теңге көлемінде сертификат табыс етті. Бұл қаржы олардың отбасы үшін тұрғын үй салуға жұмсалмақ. Сондай-ақ, аймақ басшысы «Жылы бұлақ Меркі» шаруа қожалығының шопанына «Lada Vesta» автокөлігінің кілтін табыстады.

Қазір оқып жатыр

«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді

.

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.