Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Өз жанымыз үшін солай істеуіміз керек: Сара Назарбаева онлайн байланысқа шықты

Сара Назарбаева онлайн режимде өткен бала тәрбиесіне арналған халықаралық форумға қатысты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Өз жанымыз үшін солай істеуіміз керек: Сара Назарбаева онлайн байланысқа шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Форум кезінде "Бөбек" қорының негізін қалаушы Қазақстан халқын ар-намыстан аттамай өмір сүруге және бір-біріне құрметпен қарауға шақырды.

"Адамның құндылығы неде? Кесіріңді тигізбе, алдама, арыңа қарсы жүрме. Адамгершілігің болсын. Адам бол. Еркек болсын, әйел болсын, адам болуға міндетті. Өзіміз үшін, өз жанымыз үшін. Солай істеуіміз керек", - деді "Бөбек" қорының президенті Сара Назарбаева.

"Өзін-өзі тану: бала алдындағы миссия" конференциясы пандемияға байланысты видеобайланыс түрінде өткен.

Бүгінгі таңда "Бөбек" қоры арқылы балалар үйінің 8 мыңдай тәрбиеленушісіне қайырымдылық көмек көрсетілуде. Ал қордың жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған әдістемесін тек қазақстандық балабақшалар, мектептер және колледждер ғана емес, шетелдік білім беру ұйымдары да пайдаланып жатыр. Мысалы, Тайландта ашылған орталықта студенттерге "Өзін-өзі тану" қазақстандық бағдарламасымен білім беріледі.

Қазір оқып жатыр

Алматы мен облыс тұрғындары жарықсыз қалды

Алматы

Қыркүйектен бастап Бозжыра шатқалына кіру ақылы болады

Бозжыра

Археолог Андрей Астафьев: ​Ғалымдар ғылымнан бұрын күнкөріс қамын ойлауға мәжбүр

Археология

Қазақстандықтар 2028 жылдан бастап Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады

Оңтүстік Корея