USD
USD
USD

Өз телефонын ұрлаған қыз ұсталды

Елорда полицейлері ұялы телефонымды ұрлады деп жалған шағым түсірген 23 жастағы қызды анықтады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өз телефонын ұрлаған қыз ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Күдікті қыз жоғалған ұялы телефонының орнын толтыру мақсатында полицейлерге ұялы телефонының ұрланғаны туралы жалған мәлімет берген.

Қыздың айтуынша, телефонды күйеуі екеуін бір жерге апарып тастаған белгісіз адам ұрлаған. Полиция қызметкерлері тексеру шаралары кезінде күдіктінің белгісіз адамды кінәламақ болып, полицейлерді шатастырып, жалған мәлімет бергенін анықтады. Осы факт бойынша ҚР ҚК 419-бабы ( Қылмыс жасалғаны туралы көрiнеу жалған сөз жеткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Ұсталған әйел кінәсін мойындады, оның астана аумағындағы осы секілді басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Жанабылов пен жұбайы татуласты: сот істі тоқтатты

Ерболат Жанабылов

Қырғызстанда арнайы куәлігі жоқ блогерлерге діни уағыз айтуға тыйым салынды

Блогер

Астанадағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс прокурорға қайтарылды

 Меруерт Абаева

Қыркүйекте Қазақстанда жылдық инфляция 9,3%-ға дейін төмендеді

Тиындар