USD
USD
USD

Өз өміріңді сақта: Ұлттық ұланның сарбаздарына арнайы дәріс өтті

ІІМ Тергеу департаментінің басшылығы Ұлттық ұланның 5573 әскери бөліміне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өз өміріңді сақта: Ұлттық ұланның сарбаздарына арнайы дәріс өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кездесудің мақсаты ел Президентінің Жолдауын түсіндірумен қатар көпшілік назар аударып отырған әскердегі тәртіп пен өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу болды.

“Қоғамдық қауіпсіздікті қадағалауда Ұлттық ұлан сарбаздарының үлесі зор”, – деп атап өтті Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов. Сонымен қатар ол әскер темірдей тәртіп пен жігерді талап ететінін еске салды. Сондықтан әрбір сарбаз жарғы талаптарын қатаң сақтап, антқа адал болып, командирлері мен жолдастарын сыйлауы қажет.

Кездесуде кикілжің мен әлімжеттіктің арты қылмыстық жауапкершілікке апаруы мүмкін екені де айтылды. Еліміздің бас тергеушісі жауынгерлерге қысым жасалып, командирлер мен қызметтестерінің тарапынан заңсыз әрекеттер орын алса, әскери тергеу органдарына хабарласуға кеңес берді.

Сарбаздар арасындағы суицидтің алдын алу үшін ішкі істер органдары қатарында психологтар жұмыс істейді. Олар психологиялық дағдарысқа түскен адамды анықтап, оған жан-жақты көмек көрсетеді. Санжар Әділов тек сарбаздармен ғана емес, әскери бөлімнің офицерлерімен, батальон командирлерімен де сөйлесіп, әскердегі тәртіпті қадағалап, тәуекел топтағы сарбаздарға көңіл бөлуді тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті