USD
USD
USD

Өз қызын өлтірсе де, сотталмай ма?

Орал қаласында бір жыл бұрын өз қызын буындырып өлтірген әйелге сот үкімі шықты.

Өз қызын өлтірсе де, сотталмай ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2018 жылдың 12 желтоқсанында бес жасар Айарудың жансыз денесін әжесі тауып алған еді. Дәрігерлер бала өлімі тұншықтырудан болғанын анықтаған. Бұл қылмысқа Айарудың шешесі күдікті ретінде тергеліп, оны көп ұзамай психиатриялық ауруханаға жатқызды.

Тергеу ісі сол күні шешесі мен қызының үйде болғанын, олар бірлесіп үй тапсырмасын орындағанын және қызына ашуланған жас шеше оны буындырып өлтіріп қойғанын анықтады. Айарудың әжесінің айтуынша, оның қызы ешқашан күйеуге тимеген, 17 жасынан бастап қызының өз-өзімен сөйлесетінін, себепсіз күле беретінін байқаған. Бірақ, қарт ана қызын дәрігерге көрсетпеген.

Сот ашу үстінде өзіне-өзі есеп бере алмай, не істегенін білмей қалуы себепті, Айарудың шешесін бас бостандығынан айырмауға, түрме орнына оны психиатриялық емханада тұрақты емдеуге үкім шығарды. Өз қызын буындырып өлтірген әйелдің дерті – асқынып кеткен шизофрения екен.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама