USD
USD
USD

«Өз уақыты бар»: Димаш Құдайберген қашан үйленетінін айтты

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген үйленуге қатысты сұраққа жауап берді.

Димаш Құдайберген
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Астана, NEGE. Астанада ұйымдастырылған Freedom Inside ‘26 бизнес форумындағы ашық кездесуде көрермендердің бірі әншіден қашан шаңырақ көтеретінін сұрады.

Бұл ретте Димаш Құдайберген «Қашан үйленесің?» деген сұрақты Қазақстанға келіп-кетіп жүргенде әуежайдағы құжат тексерушілерден бастап, төңірегіндегі адамдардың барлығы қоятынын айтып өтті.

Алайда өзі отбасын құру мәселесіне өте байыппен қарайтынын айтады.

«Әр нәрсенің өз уақыты бар. Таңдауыма өте тиянақты қарауым керек деп ойлаймын. Өйткені қазір қатты сезімге беріліп, қыз баласының тағдырын ойрандатудан қорқамын. Қыздарды қатты қастерлегендіктен бе, бұл тақырыпқа басқаша қараймын. Үйленгеннен кейін соңына дейін сол кісімен бір жастықта қартаюды армандап, содан бақыт тауып отыру керек деп ойлаймын», – дейді Димаш Құдайберген. 

Сондай-ақ әнші қыздарға қиянат жасауға қатысты қоғамдағы жағымсыз жаңалықтар көңіліне қаяу салатынын айтып, ер адамдарды қыз баласына қамқор болуға, алақанда аялап ұстауға шақырды.

Қазір оқып жатыр

Әпкесін отшашумен құттықтамақ болған Астана тұрғыны 5 тәулікке қамалды

отшашу

Непалдағы жойқын су тасқыны: қазақстандық турист іздестіріліп жатыр

су тасқыны

Құрылтай депутаттарына алтыннан емес, жезден әзірленген төсбелгі табысталды

Құрылтай төсбелгісі

АҚШ-та ұлттық қауіпсіздікке төнген ықтимал қатерге байланысты төтенше жағдай жарияланды

төтенше жағдай