USD
USD
USD

«Өз шартыммен келдім...» – Головкиннің жұмыс істеуіне мүмкіндік бере ме?

Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы болып сайланған атақты боксшы Геннадий Головкин келісім берерден бұрын шарт қойғанын айтты. Ескі жүйе оған жұмыс істеуге мүмкіндік бере ме?

Боксер
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. «Жаңа салада еліміздің мүддесіне қызмет ету мен үшін үлкен мәртебе. Маған ҰОК басқару туралы ұсыныс түскенде Қазақстан спортын дамытуға үлес қосуыма мүмкіндік бересіздер деген шартпен келісім бердім. Өздеріңіз білетіндей, мен саясаткер де, шенеунік те емеспін. Мен өз әрекетімді сөзбен емес, іспен дәлелдеуге дағдыландым. 

Менің өз көзқарасым, көпжылдық халықаралық тәжірибем, командам бар, ең бастысы – мақсатыма жетуді өз елімде іске асыруға мүмкіндік туып тұр», – деді Г.Головкин.

Естеріңізге сала кетейік, ҰОК-ның басшылық құрамы өзгермегеніне қатысты сарапшылар түрлі болжам айтқан. Тіпті «Ұлттық олипиада комитетін уысынан шығармау үшін Тимур Құлыбаев Г.Головкинді басшылыққа әкелді» деген де сөзді құлағымыз шалған еді.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе