USD
USD
USD

«Ойлау қабілетінен айырылып қаласыздар»: Тоқаев министрлерге ескерту жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатын Үкіметтің кейбір мүшелері мұқият оқымағанын айтты.

Akorda.kz
Фото: Akorda.kz

Астана, NEGE. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент жақында осы газетке берген сұхбатына тоқталып, онда салық органдары мен салық төлеушілер арасында серіктестік пен өзара сенім қағидаты орнығып, мемлекет пен бизнестің тиімді ықпалдастығы жолға қойылуы тиіс екенін атап өтті.

«Үкіметтің кейбір мүшелерімен әңгімеден ұққаным, оны бәрі бірдей ықылас қойып оқымаған секілді. 

Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай отырысындағы сөзімді де толық түсінбегендеріңіз байқалады. Интернет ұзақ мәтіндерді оқудан алыстатты. Оның үстіне кітаптар мен мақалаларды оқымай-ақ, мазмұнын тыңдай салатын мүмкіндік пайда болды. Бірақ бұл мемлекеттік қызметкерлерге жараспайтын әдет. Оқу керек. Әйтпесе, зейнет жасына жеткен кезде ойлану қабілетінен айырылып қаласыздар», — деп ескертті Президент.

Қазір оқып жатыр

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен алынды

Қосанов

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Бурабайда шетелдік ғалымдар Өр Алтайдың түркі өркениетіндегі тарихи рөлін талқылады

.

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

Тимур