Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Ойыншық тапаншамен қорқытқан»: Қостанайда дәрігерге қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды

Қостанайда полиция дәрігерге қарақшылық шабуыл жасалған қылмыстың бетін ашты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Қостанай облысы ПД-да мән-жайы айтылды. Күдіктілердің бірі Қостанай тұрғынымен қылмысқа дейін таныс болған. Осыдан кейін олардың арасында жанжал болып, содан кейін күдікті таныстарын кек алуға шақырған. Ол және оның екі серіктесі жәбірленушінің пәтерінде болған кезде оны ұрып-соғып, ойыншық тапанша мен пышақпен қорқытқан.

Зорлық-зомбылықпен қорқытып, олар ақшалай несие алуға мәжбүрлеген. Бұдан бөлек, телефон мен ақшаны қолды қылған.

Келтірілген залалдың жалпы сомасы 1,5 млн теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қостанайда полицейлер екі күдіктіні анықтап, ұстады, үшінші күдікті Астанада тұтқындалды.

Қызметкерлер тапаншаны, телефонды және жәбірленушіге тиесілі ақшаны тәркіледі. Күдіктілердің үшеуі де тергеу изоляторына қамалды. Адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы жасалған қарақшылық үшін олардың мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Ресейдің келесі медиафорумы Астанада өтеді

.

Мемлекет басшысы Ұлттық архив ұжымы мен ардагерлерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтады

Ұлттық архив

«Әкім келер алдындағы көзбояушылық»: Ақмола облысында жолшылар асфальтты бояғаны рас па?

Красный яр

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы халықаралық турнирде 13 алтын медаль жеңіп алды

жүзгіш