USD
USD
USD

Өткен жылы елімізде 92 мектеп пен 35 емхана пайдалануға берілген

2022 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 10,2% болды, деп хабарлайды ұлттық статбюро. 

Өткен жылы елімізде 92 мектеп пен 35 емхана пайдалануға берілген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2022 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 6 304,3 млрд теңгені құрады және 2021 жылмен салыстырғанда 10,2%-ға ұлғайды.

Бұл ретте республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдары – 77,8%, шетелдік – 21,9% және мемлекеттік мекемелер – 0,3% орындады.

Құрылыс жұмыстарының құрылымы бойынша негізгі көлем құрылыс-монтаж жұмыстарына тиесілі – 87,2%, күрделі жөндеуге – 6,1%, ағымдағы жөндеуге – 6,7%.

Объекті түрлері бойынша 2022 жылы ең көп үлес ғимараттарды салу бойынша орындалған жұмыста – 43,2%, тұрғын емес ғимараттарды салу – 37,3% және тұрғын ғимараттарды салу бойынша – 19,5%.

Ақшалай мәндегі ең үлкен көлем ғимарат құрылысы бойынша байқалды – 2 724,1 млрд теңге, ал ең жоғары өсім тұрғын емес ғимараттардың құрылысы бойынша – 2021 жылмен салыстырғанда 13,7%.

2022 жылы 40 368 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды.

Пайдалануға беріген тұрғын үйлердің жалпы алаңы - 15,7 млн шаршы метр, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 7,4% аз.

Былтыр пайдалануға жалпы білім беретін 92 мектеп, мектепке дейінгі 98 ұйым, амбулаториялық 35 емхана, 3 аурухана берілді.

Осы ретте 2021 жылмен салыстырғанда пайдалануға берілген мектептерде оқушылардың орын саны 20,5 мыңға көбейген.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Qarmet ұжымының ұйымшылдығы мен еңбегін жоғары бағалады

.

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон