USD
USD
USD

Өткен тәулікте 6199 адамға вакцина салынды

Шымкент қаласында өткен тәулікте 6 199 адамға вакцина салынды: I компонент - 5 160, II компонент - 1 039 адам. 

Өткен тәулікте 6199 адамға вакцина салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Егу науқаны басталғалы барлығы 83 908 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 9 083 адам вакцинаның екі компонентін алды.

26 сәуір күні КВИ-дің 35 жағдайы тіркелген (белгілері бар - 27, белгілері жоқ - 8 ). 15 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 20 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 290 орын бар (қалалық инфекциялық орталық – 490, «Атамекен» клиникасы – 450, Орынбай ГБОО – 70 орын, №14 емдеу орталығы – 250, қалалық перинаталдық орталық – 30), төсек-орын толымдығы – 45 %.

Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы бойынша 24 мобильдік топ жұмыс атқаруда. 26 сәуір күні 265 нысанға тексеру жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде 8 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталды.

Шымкентте вакциналау бекеттерінің саны 42-ге ұлғайды. Қалада вакциналау қоры жеткілікті. Тұрғындарды екпе егуге белсенді қатысуға шақырамыз.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қазақстан Халық кеңесінің құрамын бекітті

қол қою

300-ге жуық үлескер зардап шекті: Астанада «Mardan» тұрғын үй кешеніне қатысты іс сотқа жолданды

«Mardan» тұрғын үй кешені үлескерлерінің қылмыстық ісі

ММА шебері Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарының чемпионы атанды

Еркінғали Бүркіталин

Оң рөлді көліктерді такси ретінде пайдалануға тыйым салынады: ІІМ балдық жүйе енгізбек

Alphard