USD
USD
USD

Өткен тәулікте 3 482 адам вакцина салдырды

Шымкент қаласының аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы тұрақты бақылауда. Өткен тәулікте 593 нысанға (559 кәсіпкерлік нысан, 34 жеке нысан) тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 17 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.  

Өткен тәулікте 3 482 адам вакцина салдырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  2021 жылы 20 сәуір күні қалада 3 482 адам вакцина салдырды (I компонент – 3396, II компонент – 86). Егу науқаны басталғалы барлығы 71 284 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 7004 адам екпенің екі компонентін алды. 

Өткен тәулікте КВИ-дің 80 жағдайы тіркелді (белгілері бар - 56, белгілері жоқ - 24). 24 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 56 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 290 орын бар (қалалық инфекциялық орталық – 490, «Атамекен» клиникасы – 450, Орынбай ГБОО – 70 орын, №14 емдеу орталығы – 250, қалалық перинаталдық орталық – 30). Төсек-орын толымдығы 34 %-ды құрайды, 844 төсек-орын бос. 

Індетті жеңудің бірден-бір жолы – вакциналау. Қала тұрғындарын өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап,  екпе алуға шақырамыз.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек