USD
USD
USD

Өткен айда жеке тұлғаларға берілген кредит көлемі 10 трлн теңгеден асқан

ҚР Ұлттық банкі кредит нарығының желтоқсан айындағаы жағдайына шолу жасады, деп хабарлайды Ұлттық банк.

Өткен айда жеке тұлғаларға берілген кредит көлемі 10 трлн теңгеден асқан
Фото: NEGE.kz

Астана. NEGE. 2021 жылдың соңғы айында банктердің экономиканы кредиттеу көлемі 3,7% ұлғайып, 18 трлн 497,7 млрд теңге болған (жылдық мәнде өсім – 26,5%). Заңды тұлғаларға берілген кредит көлемі бір айда 7 трлн 758,8 млрд теңгеге дейін немесе 3,5%, ал жеке тұлғаларға берілген несие көлемі 10 трлн 738,8 млрд теңгеге дейін немесе 3,8% артқан.

«Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі бір айда 16 трлн 588,2 млрд теңгеге дейін немесе 3,8% ұлғайды. Оның ішінде заңды тұлғалардікі 3,8%, жеке тұлғалардікі 3,9% өсті. Шетел валютасындағы кредиттер көлемі 1 трлн 909,5 млрд теңгеге дейін немесе 2,6% ұлғайды. Оның ішінде заңды тұлғалардікі 2,6% өссе, жеке тұлғалардікі 0,9% төмендеді. Желтоқсанның соңында теңгемен берілген кредиттердің үлес салмағы 89,7% (2020 жылғы желтоқсанда – 87,0%) болды», - деп жазылған ресми мәліметте.

Ұлттық банк сайтының жазуынша, ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 16 трлн 30,5 млрд теңгеге дейін немесе 3,9%, қысқа мерзімді кредиттер көлемі – 2 трлн 467,2 млрд теңгеге дейін немесе 2,7% ұлғайған.

Оның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне желтоқсан айында 3 трлн 772,2 млрд теңге кредит (жалпы корпоративтік сектор кредиттердің 48,6%-ы) берілген.

Ал банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттердің орташа сыйақы мөлшерлемесі 12,2% (2020 жылғы желтоқсанда – 11,4%), жеке тұлғаларға – 17,5% болған (14,9%).

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтардың 47,7%-ы спортпен айналысады: дене белсенділігінің күнделікті нормасы қандай?

Ат спорты

1 қыркүйектен бастап Алматыда көліктерді тексерудің жаңа түрі енгізіледі

техникалық тексеру

Қазақстанға 1,1 трлн теңге қайтарылды: заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр?

Құрылыс компаниялары

Ақмола облысында мемлекеттік қызметкер құмар ойынға 6 млн теңгедей қаржы салған

құмар ойын, онлайн казино