USD
USD
USD

Өткен жылы автомобиль жасау саласында өндіріс 30%-ға артты

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды.

Машина өндірісі
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр баяндама жасады. Ол Үкімет металлургия, мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы, машина жасау және химия салаларындағы 17 серпінді жобаның тізбесін бекіткенін баяндады.

Олардың әрқайсысы бойынша мониторингі, Инвестштаб шеңберінде жүзеге асырылатын іске асырудың егжей-тегжейлі жоспары бекітілді. Автомобиль жасау саласы оң динамиканы көрсетеді.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 30%-ға өсті. Сонымен қатар алдағы жылы жалпы өндіріс көлемі 160 мың бірлікті құрайтын 2 ірі жоба пайдалануға беріледі.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков