USD
USD
USD

Отыз тұрғын алапқа оптикалық желі тартылып жатыр

Шымкент қаласы цифрландыру басқармасы тарапынан 2021 жылдың 1 тоқсанында бірқатар жұмыстар жүзеге асты. Басқарма басшысы Әсет Әбдіраханов атқарылған жұмыстарды баяндады.

Отыз тұрғын алапқа оптикалық желі тартылып жатыр
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE.  Басқарма басшысының айтуынша, «Цифлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қаланы сапалы интернетпен қамту 3 кезеңге бөлінген. 1 кезеңдегі жұмыстар толық аяқталды. 2 - кезеңде 14 елдімекен қарастырылып, координаталары мобильді байланыс операторларымен келісілді. Атап айтқанда, Тассай және Ынтымақ-2 (Тұрлан) шағынауданында жер қазу және бетон құю жұмыстары атқарылса, А 2 айналма жолы, Аэропорт маңы, Солтүстік-Батыс, Қайнарбұлақ (саяжай алабы), Р-32 трассасы (Сиқым), Құрсай шағынаудандарда жер телімдерін рәсімдеу жұмыстары басталды.

Бұдан бөлек, 3-кезең үшін талшықты-оптикалық желі тарту мақсатында қала аумағындағы 30 тұрғын алап анықталып, оларға оптикалық желі тарту жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстардың барлығы жеке инвесторлар есебінен атқарылатын болады. «Самғау-Телком» компаниясы тарапынан Тассай, Таскен тұрғын алаптарындағы 2 көшеге (200 үйге) кабел жүргізіліп, тұрғындардан қосымша өтінімдер қабылдануда.

Сонымен қоса, ағымдағы жылдың шілде айының аяғына дейін тұрғындар көп шоғырланатын жерлерде 30 тегін wi-fi нүктелері орнатылатын болады.

Қазір оқып жатыр

Оң рөлді көліктерді такси ретінде пайдалануға тыйым салынады: ІІМ баллдық жүйе енгізбек

Alphard

Премьер-министр түнде тұрғындардың тыныштығын бұзатын көлік иелерін қамауға алуды тапсырды

Мотоцикл

Бектенов бірқатар өңірде жылу желілерін жөндеу жұмыстары толық аяқталмағанын сынға алды

Үкімет отырысы

Сапасыз қасбет тақталарын жеткізген кәсіпкер 43,5 млн теңге шығынды төлеуге міндеттелді

Құрылыс компаниялары