USD
USD
USD

Өтірікшінің куәсі қасында: ҚТЖ бөсіп жіберді ме?

Бердянскі сауда портынан Түркияға астық тасыған қазақстандық кеме «Жібек Жолы» кешелі бері БАҚ беттері мен түрлі пабликтерден түспей келеді. Бұл үлкен халықаралық дауға айналып барады.

Өтірікшінің куәсі қасында: ҚТЖ бөсіп жіберді ме?
Фото: NEGE.kz

Кеше «Қазақстан темір жолы» арнайы мәлімдеме жасап, өздеріне тиесілі кеме украина тарапының өтініші бойынша астық тасып жүргенін айтқан.

«MangelbertOU жетекшісінің айтуынша, 28 маусымда «Жибек Жолы» кемесі Бердянскі теңіз сауда портынан астық тиеп (6927,8 тонна), түрік портына қарай бағыт алған. Оның айтуынша, астық – украиндердікі, жүк тасу гуманитарлық дәліз бойынша украиндердің өтініші бойынша жүзеге асуда», – деп хабарлаған ҚТЖ-ның баспасөз қызметі.

ҚТЖ-ның мәлімдемесіне қарағанда, кемені ресейлік «Грин-Лайн» компаниясы жалға алған және жалға алушы кеменің иесімен жүктің тұрі мен оны тасу бағыты бойынша санаспайды.

Алайда бүгін ҚТЖ-ның мәлімдемесіне кереғар ақпарат шықты. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Украина Түркиядан ресейлік тудың астында жүк тасып жүрген «Жібек Жолы» кемесін үстауды және тұтқындауды сұрапты.

«Украина тарапы Ресей оккупациялап алған Бердянскі портынан ресейлік тудың астында украин астығын тасып жүрген «Жібек Жолы» жүк кемесін ұстауды және тұтқындауды Түркиядан сұрады», – деп жазды халықаралық агенттік.

Украина сыртқы істар министрлігі өкілінің хабарлауынша, «Жібек Жолы» кемесі дедвейтпен тиеуге тиісті 7146 тонна астықтың тиелген алғашқы 4500 тоннасы Украинаға тиесілі.

Бұдан бөлек, Украинаның бас прокуратурасы да Түркия билігіне хат жолдап, «украин астығын заңсыз тасып жүрген» кемені тоқтатуды сұраған.

Кім өтірік айтты: ҚТЖ ма, әлде Украина тарапы ма? Қазақта «Алдырған албырт» деген сөз бар. Соғыс басталғалы Украинаның алдырғаны көп. Оларға өтірік айтудың қисыны жоқ.

Сондай-ақ «Өтірікшінің куәсі қасында» дейді қазақ. «Анау айтты, мынау айтты» деп ақталған Ұлттық компания осы жолы бұрынғыдан да зор халықаралық дауға шатылып қалған жоқ па осы?   

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

DIFS

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

ұрлық

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Ақша

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті

Қыздар