USD
USD
USD

Отырарда ROOMBOOKS орталығы ашылды

Ғылым мен білімнің ұлы тұлғасы, қара сөздің зергері, ғалым-сыншы, филология ғылымдарының докторы, академик «Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де маңызды шара өтті.

ROOMBOOKS
Фото: Түркістан

Түркістан, NEGE. Түркістанның киелі топырағында дүниеге келген ғалымның қазақ фольклоры мен түркі әлемі әдебиетіне қосқан үлесі орасан зор.Рахманқұл Бердібайдың еңбектері қазақ халқының рухани байлығын, мәдениетін сақтап, оны келешек ұрпаққа жеткізуде маңызды рөл атқарды. Сол себепті, оның есімімен аталған мұражай көрмесі өткен жылы ашылып, ғалымның шығармашылығын насихаттау бағытында бірқатар маңызды іс-шаралар ұйымдастырылды.

Академик Рахманқұл Бердібайдың 2-желтоқсан туған күніне орай, мектепте жаңа оқу орталығы, яғни Roombooks (Booknook) ашылды. Бұл орталық – оқушылардың рухани және интеллектуалды дамуын қолдайтын маңызды қадам.Іс-шараның ашылу салтанатында аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет жетекшісі Дархан Ембай, әдіскер Ахмет Арын және ауданның тәрбие саласының жауапты мамандары мен аудан мектептерінен келген ұстаздар қауымы өз тілектерін білдіріп, кітап оқудың, рухани орталықтардың маңыздылығын атап өтті.

Олар Roombooks орталығының оқушылардың білім алуына оң әсер етіп, жаңа білімдер мен идеялар әлеміне ашар жол боларына сенім білдірді.

Рахманқұл Бердібайдың өміршең мұрасы мен ғалымдық жолы – ұлт руханияты үшін өшпес мұра болып қала бермек.

Қазір оқып жатыр

Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

.

Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек

Трамп

«Министрдің құпиясына хатшысы арқылы қол жеткізу оңай»: Олжас Сәтиев кибертыңшылық туралы

Decaf

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.