USD
USD
USD

Өтемұратов «Қазақстан халқына» қорына 10 млрд теңге аударды

Болат Өтемұратов «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына 10 миллиард теңге аударды.

Өтемұратов «Қазақстан халқына» қорына 10 млрд теңге аударды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қор президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11 қаңтарда Қазақстан парламентінде берген тапсырмасы бойынша 15 қаңтарда құрылды.

Қор қаражаты азаматтардың денсаулық сақтау, білім, мәдениет және спорт салаларындағы мәселелерін шешуге жұмсалады. Төтенше жағдайлар кезінде және төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты зардап шеккен қазақстандықтарға да көмек көрсетіледі деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар қор балалар мен әлеуметтік осал топтағы мұқтаждар үшін спорт инфрақұрылымын дамыту және қолжетімділігін арттыру жобаларына қатысады. Қордың тағы бір басым бағыты – Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау жолында қаза тапқан құқық қорғау, арнайы органдар, әскери қызметкерлердің отбасыларына қолдау көрсетеді.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті