USD
USD
USD

«Өте жоғары жылдамдықпен жүрген»: Алматыда 54 жастағы электросамокатшы қаза тапты

Қайғылы жайт түнгі уақытта Шығыс айналма автомобиль жолында болған. Алматы полициясы бейнебақылау камералары мен жолда кетіп бара жатқан көліктердің бейнетіркегіштеріне түсіп қалған бейнежазбаларды жариялады.

Элетросамокат
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Алдын ала мәлімет бойынша, сағатына шамамен 90 шақырым жылдамдықпен келе жатқан электросамокатшы алдындағы көлікті басып озбақ болған. Сол сәтте ол электросамокатты басқара алмай, апатқа ұшыраған. Полиция жариялаған бейнежазбада жүргізушінің асфальтқа құлаған сәтін көруге болады. Қатты соққыдан оның қорғаныш дулығасы басынан ұшып кеткен.

Апат орнына жедел жәрдем бригадасы жеткенімен, ер адамның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. 54 жастағы азамат алған жарақаттарынан сол жерде қаза тапқан.

«Оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір оның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады полиция қызметі.

Алматылық полицейлердің хабарлауынша жыл басынан бері қалада электросамокаттың қатысуымен 91 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 96 адам жарақат алған.

Тәртіп сақшылары көзді ашып-жұмғанша болатын асығыстықтың соңы орны толмас қайғыға әкеп соғуы мүмкін екенін ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Qarmet ұжымының ұйымшылдығы мен еңбегін жоғары бағалады

.

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон