USD
USD
USD

Отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылық үшін жауапкершілік күшейтілді

19 мамырдан бастап “Қылмыстық сот ісін жүргізу, жазаны орындау, сондай-ақ азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қатынас түрлерінің алдын алу бойынша адам құқықтары мәселелері жөніндегі қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заң күшіне енді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылық үшін жауапкершілік күшейтілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл заңмен отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілді. Қылмыстық кодекстің 106 (Денсаулыққа ауыр зиян келтіру) және 107-баптарында (Ауырлығы орташа) “кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділіктегі адамға қатысты іс-әрекет жасау” деген саралау белгілері енгізілді.

Егер бұрын 106-бап бойынша 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік көзделсе, қазір жаза 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды құрайды. Сонымен қатар әкімшілік немесе қылмыстық іс жүргізу жәбірленушінің арызынсыз басталуы мүмкін.

– Азаматтарды отбасылық-тұрмыстық салада жауапты болуға шақырамыз, – деді полицияда.

Қазір оқып жатыр

«20 жылдан бері террористпін»: Атырауда никаб киген екі әйелдің үстінен іс қозғалды

Видеодан үзінді/Ақ Жайық

«Ұмай» ипотекасына бөлінген 20 млрд теңгенің лимиті бір күнде таусылды

Пәтер кілті

«Қазпоштаны» табысқа шығарған Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Әсел Жанасова

Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметінен босатылды

Нұрлан Сауранбаев