USD
USD
USD

Отбасылық жанжалдан соң ер адам 11 адамды жайпап тастады

Черногорияның оңтүстігіндегі Цетин қаласы маңындағы Медовина ауылында ер адам көшедегі адамдарға оқ жаудырып, салдарынан бірнеше адам қайтыс болды, оның ішінде балалар да бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отбасылық жанжалдан соң ер адам 11 адамды жайпап тастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 34 жастағы Вук Бориловичтің оғына оның тоғыз туысы мен сол маңнан өтіп бара жатқан кездейсоқ екі адам іліккен, деп хабарлайды Черногорияның полициясы.

Полиция өкілі Борилович алдымен өз үйін жалдап тұрып жатқан туыстарын атып тастағанын айтты.

«Ол аңшы мылтығымен 8 және 11 жастағы екі баланы атып өлтірген, марқұмдардың анасы да оққа ұшып, ауруханада көз жұмды. Содан кейін ол көшеге шығып, мылтығымен ауыл тұрғындарына атқан: тағы жеті адам қаза тауып, алтауы жарақаттанды», - дейді Черногория полиция басқармасының директоры Зоран Брджанин.

Тоғыз адам оқиға орнында, тағы екеуі ауруханада жан тапсырды.

Мылтық ұстаған ер адам оққа ұшқандарға жедел жәрдем қызметкерлерін жолатпай қойған. Қанды оқиғаға отбасылық жанжал себеп.

Жан-жағын жайпаған ер адамның көзі жойылған. Бір дерек бойынша, оны атқан полицейлер делінсе, тағы бірінде көршілердің бірі екені айтылады. Черногорияда үш күндік аза тұту күні жарияланады.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысындағы ауылдарда сел жүріп, тұрғын үйлер мен қора-жайларды су басты

Сел

Ресейден 2,1 млн вакцина жеткізілмек: Қазақстанда тұмауға қарсы екпе басталды

Дәрігер

Лауазымды адамдар «Семей орманында» ағашты заңсыз кесу схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Ағаш тиеген жүк көлігі

Александр Лукашенко қазақтар мен белорустарды «қан байланыстырған жақын халықтар» деп атады

Олжас Бектенов, Александр Лукашенко