USD
USD
USD

Отбасылық қарым-қатынаста құқық бұзған 192 адам жауапқа тартылды

Ақтөбе облысының аумағында биыл 10 мен 19 шілде аралығында “Есептегі элемент” атты жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр

Отбасылық қарым-қатынаста құқық бұзған 192 адам жауапқа тартылды
Фото: NEGE.kz

.

Алматы, NEGE. Жедел алдын алу іс-шарасының мақсаты – рецидивтік қылмыстың, отбасылық-тұрмыстың қарым-қатынас саласындағы, мас күйінде жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау болып табылады. Бүгінгі таңда ПБ-ның алдын алу есебінде екі мыңнан астам адам тұрады. Жедел алдын алу іс-шарасы жүргізу барысында учаскелік полиция инспекторлары ПБ-ның есебіне 240–қа жуық адамды анықтап, есепке алды. Сондай-ақ, отбасылық қарым-қатынаста құқық бұзған 192 адамға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылып, 46 құқық бұзушыға қатысты сот арқылы мінез-құлықтарына ерекше талап белгіленді. Есепке алынғандардың тарапынан қоғамдық орында құқық бұзушылық жасағаны және сот арқылы қойылған шектеулерді бұзығаны үшін 35 құқық бұзушылық анықталды.

Қазір оқып жатыр

Каспийдегі қайғылы оқиға: қабылданған шешімдер хронологиясы

Қаза тапқан әскерилер

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен алынды

Қосанов