USD
USD
USD

Отбасы күнінде психолог ата-аналарған семинар өткізді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Отбасы – Қазақстан қоғамының діңгегі, экономикадағы, мәдениеттегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі» деп отбасының  біздің қоғам үшін маңызын көрсетіп берді.

Отбасы күнінде психолог ата-аналарған семинар өткізді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осыған орай  елімізде «Неке және отбасы туралы» заң қабылданып, 12 қыркүйек «Отбасы күні» деп белгіленді. «Отбасы күнінде» ата-аналарға отбасындағы ең маңызды саналатын тақырыптардың бірі – бала тәрбиесі туралы семинар ұйымдастырылды. Бұл шара Маңғыстау облысындағы Білім-Иннвация лицейінде өтті.

Мұндағы мақсат – «Елбасы медалі» жобасының қатысушыларының ата-аналары мен тәлімгерлеріне бала тәрбиесі жайлы, олардың даму ерекшеліктеріне, мінез-құлықтарына баса назар аудара отырып жан-жақты тәрбиелеу. «Елбасы медалі» жалынды жастардың  қоғамда қалыптасуы мен дамуына жол ашуда. Бұл жоба 5 бағытты қамтиды:

1. Спорт және дене шынықтыру. Бұл бағытта қатысушылар салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастырады. 2. Дарын мен дағды. Қатысушылар бойындағы дарынын ашып, дамуға бағыт алады. 3. Кітап оқу. Қатысушылар қазақ әдебиетінің алтын қорымен танысып, әлем әдебиетінің шығармаларын оқып, өзін-өзі дамыту кітаптарын оқу арқылы тұлға ретінде қалыптасады. 4. Ұлттық мұра. Бұл бағытта ұлттық құндылықтарымызбен танысып, насихаттау жұмыстары жүргізіледі. 5. Волонтерлік. Бұл бағытта қатысушылар сан түрлі бағытта қайырымды, жақсы істердің насихатаушысы болып, қоғам үшін қызмет атқарады.

      Әуелі ата-аналар, тәлімгерлер отбасылық психолог Ержан Мырзабаевпен «Бала тәрбиесіндегі эмоционалды интелектіні дамыту»  атты семинарына қатысып, жауапты ата-ана және тәлімгер болудың маңыздылығы туралы ауқымды ойлары, бала өміріндегі ата-ананың рөлі туралы ашық түрдегі әңгімені тыңдады.

«Ұрпақ теориясы» атты үлкен бөлімде әр дәуір балаларының даму кезеңдері және оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыратын құндылықтар талқыланды. Бала өмірінде маңызды орын алатын ата-аналардың ең көп таралған түрлеріне де жеке тоқталып, семинарға қатысушылармен кері байланыс орнады. Тәртіп және бала тәрбиесі туралы тақырыптың төңірегінде нақты мысалдар көрсетілді. Сондай-ақ, жыныстық тәрбиені ата-ана балаға қалай беруі керек, жеке шекараны қорғай білудің маңызы туралы мәселелер ашық түрде айтылды.

Отбасылық психолог Ержан Мырзабаевпен «Бала тәрбиесіндегі эмоционалды интелектіні дамыту» атты семинарға қатысушы ата-аналар мен тәлімгерлер өздеріне құнды ақпарат ала білді. Бала тәрбиесі, бала өміріндегі ата-ананың маңызы, ұрпақтар арасындағы байланыс, жыныстық тәрбие секілді ауқымды тақырыптар төңірегінде талқылаулар болып өтті. Семинарға қатысушылар өз көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды және алған құнды мәліметтерін алдағы уақытта өз өмірлерінде қолданатынын қуанышпен жеткізді. Соңынан семинарға қатысушылар марапатталды.

Сонымен қатар Қостанай қаласында веложарыс ұйымдастырылып, салауатты өмір салты да насихатталды.

Қазір оқып жатыр

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

.

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Ердоған, Тоқаев

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

ауа сапасы

Атырау облысының әкімдігі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты

.