USD
USD
USD

«Отбасы банк» зейнетақы жинағын шешуге өтініш қабылдайтын онлайн платформаны іске қоспақ

«Отбасы банк» зейнетақы жинағын шешуге өтініш қабылдайтын онлайн платформаны іске қоспақ. Өтініш беру үшін электронды кілтіңіз болса, жеткілікті.

«Отбасы банк» зейнетақы жинағын шешуге өтініш қабылдайтын онлайн платформаны іске қоспақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2021 жылдың қаңтарында «Отбасы банкі» қазақстандықтардың зейнетақы жинағының бір бөлігін шешіп алуға өтініш бере алатын онлайн-платформаны іске қосады.

Порталдың жұмысы өте қарапайым. Ол арада сіз өзіңіздің зейнетақы жинағыңызды қандай мақсатқа жұмсағыңыз келетінін таңдай аласыз. Бірінші мақсат – өзіңізге жеке баспана сатып алған кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша толық есеп айырысу. Бұл сатып алу-сату шарты, үлестік қатысу, жекешелендіру, тұрғын үй-құрылыс кооперативіне үлестік қатысу, бөліп төлеу, тұрғын үйді айырбастау туралы келісім болуы мүмкін, – дейді «Отбасы банкі» АҚ басқармасының төрағасы Ләззат Ибрагимова.

Екінші мақсат – адам жаңа үй сатып алып жатса, онда ақшасын ипотека бойынша алғашқы жарнаны төлеуге жұмсау.

Үшінші мақсат, банк басшысының пікірінше, кең қолданысқа ие - ипотекалық несие бойынша қарызды ішінара немесе толық өтеу.

Төртінші мақсат – тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша тұрғын үйге ипотекалық несие алу.

Бесінші мақсат – қайта қаржыландыру.

Алтыншыдан – тұрғын үй құрылысы бағдарламалары мен дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде сатып алу құқығымен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша қарызды толық өтеу де қарастырылған, - деп түсіндірді Ибрагимова.

Жетінші мақсат, оның айтуынша, ең көп сұранысқа ие. Оған сәйкес, адам зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мұқтаж туыстарына беруі.

Сегізінші мақсат – емделу.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы