USD
USD
USD

Отбасы банк: Келесі жылы баспана қымбаттай ма?

   «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова баспана бағасына қатысты өз болжамын айтты.

Отбасы банк: Келесі жылы баспана қымбаттай ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Меніңше, бағаның өсу қарқыны төмендейді. 10 процентке және одан жоғары көтерілмейді. Себебі зейнетақы жинағын пайдаланудың негізгі кезеңі 1 сәуірде аяқталады. Қазір депозиттерді толықтырғысы және ипотеканы өтегісі келетіндерден өтініш түсіп жатыр. Ал баспананы толығымен сатып алуды көздейтін өтініштер өте аз», – деді Ибрагимова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Осы орайда банк басшысы зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану шарасы тұрғын үй бағасына әсер еткенін мойындады. Алайда бүгінде әлем бойынша баспана қымбаттап жатыр. Оған инфляция да ықпал етті. Құрылыс материалдарының бағасы көтерілді. Мамандардың жалақысы артты. 

Сондай-ақ банк басшысы тағы бір мәселеге баса мән берді. Соңғы жылдары Қазақстанда бала туу көрсеткіші өсіп келеді. Жыл сайын 60 мың неке тіркеліп, 400 мың бала дүниеге келеді.

«Қазір еңбек нарығына 2000 жылы туған балалар келді. Осы факторлар да сұранысқа әсер етеді», – деп атап өтті Ибрагимова.

Айта кетері, биыл көктемде Отбасы банкінің басшысы сәуірде баспана бағасының өсуі тоқтайды, ал маусым-шілде айларында тұрақты бір деңгейге түседі деп болжады. Алайда Ибрагимованың болжамы дәл келмеді. Қазақстанда тұрғын үйдің бағасы шарықтап кетті. Әсіресе, Алматы мен Нұр-Сұлтанда бір шаршы метрдің құны айтарлықтай өсті.

Қазір оқып жатыр

Денсаулық министрлігі хантавирусқа байланысты үндеу жасады

Хантавирус

Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі 79%-ға дейін өсуі мүмкін

Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі

Тоқаев: «Орталық Азия – Қытай» форматы ортақ қауіпсіздіктің үйлесімді үлгісі болуы қажет

Тоқаев

Курчатов қаласында балабақшаның 75 қызметкерінің жеке дерегі тарап кеткен

жеке дерек