USD
USD
USD

«Отбасы – мейірім мекені» форумы өтті

Форумның негізгі мақсаты – отбасы құндылығын насихаттау, отбасы – татулық пен мейірімнің, адамгершілік тәрбиенің бастауы екенін көрсету.

Ассамблея
Фото: Қазақстан халқы ассамблеясы

Астана, NEGE. Қосшы қаласында өткен форумға Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Республикалық Аналар кеңесінің төрайымы Назипа Шанаи, республикалық «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары Бекайдар Күзембай, Ақмола облыстық «Әкелер одағының» төрағасы Сандибек Нұршәріпұлы және облыстың түрлі қала және аудандарынан Аналар кеңесі мен Әкелер одағының басшылары мен мүшелері де қатысты.

Форумның негізгі мақсаты – қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы – татулық пен мейірімнің, адамгершілік тәрбиенің бастауы екенін көрсету. Себебі тұлғаның дамуы мен ел болашағының қалыптасуы ең алдымен отбасындағы тәрбие мен құндылықтарға байланысты.

Форум аясында Бурабай ауданы Аналар кеңесінің төрайымы Гаухар Хамзина «Ел анасы» номинациясымен, ал Целиноград ауданы Аналар кеңесінің төрайымы Мұхтари́ма Төлегенова «Мейірімді ана» номинациясымен марапатталды.

Сонымен қатар, Халықаралық отбасы күніне орай өңірдің үлгілі отбасыларына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Қазір оқып жатыр

Астанада екінші әуежайдың құрылысы келесі жылы басталады

Астана әуежайы

Қазақстанда AI мамандарын даярлайтын жаңа университет ашылады

Жаслан Мәдиев

Жаңа ақпараттық жүйелерді әзірлеуге мораторий енгізілді – Мәдиев

комиссия

Қазақстанда бүгіннен бастап электрсамокат пайдалану ережесі күшейді: не өзгерді?

Элеткрсамокат