USD
USD
USD

«Отбасы банк» қызметкерлері риелторлар мен клиенттерден ақша алып келген

2025 жылы «Отбасы банк» қызметкерлері ішінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы бірқатар заңсыз әрекеттер анықталған.

Отбасы банк
Фото: hcsbk.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Банктің 2025 жылға арналған бір жылдық есебінде айтылған.

«2025 жылы Банк қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы бірқатар әрекеттері анықталды. Олар клиенттердің, риелторлардың, жеке сот орындаушылары мен нотариустардың мүддесін қорғау, сондай-ақ тұрғын үй кезегін ілгерілету үшін заңсыз сыйақы алып отырған», – делінген есепте.

Сонымен қатар филиалдардың бірінің қызметкері клиенттердің төлем қабілеттілігін растайтын жалған табыс туралы құжаттарды жасап, оларды кредиттік өтінімдерге тіркегені анықталды.

«Бұл қызметкерлермен жұмыс берушінің бастамасымен, сенімнен шығуына байланысты еңбек шарты бұзылды», – деп хабарлады Банк.

Сондай-ақ бұл деректер бойынша қызметкерлерді қылмыстық жауапқа тарту туралы арыздар жолданған. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары бірқатар қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Астанада Ақтөбе облысының 100-ден астам өнерпазы мен креаторы бас қосты

.

Саят Исанов Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды

Арнайы күштер

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған