USD
USD
USD

«Отбасы банк» кезекте тұрғандар үшін маңызды хабарландыру жасады

Жаңа өзгеріске сәйкес, бұдан былай кезекте тұрған, бірақ тұрғын үйде үлесі бар тұрғындар да мемлекеттік қолдауға ие бола алады.

gov.kz
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Банк өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл мүмкіндік ақпан айынан бастап қолжетімді болады.

Бұған дейін бұл мәселе заң жүзінде толық реттелмеген еді. 

«Бірақ "Отбасы банк" азаматтардың жағдайын түсініп, көптеген өтінішті ескере отырып, үлестік меншігі бар кезекте тұрғандарды есепке алу туралы шешім қабылдады.

Енді тұрғын үйде үлесі бола тұра ол кезекте тұрғандар мемлекеттік қолдауға ие бола алады. Яғни, жеңілдетілген ипотека немесе жалдамалы тұрғын үй алу мүмкіндігі бар», – дейді банк мамандары.

Бұрын кезекте тұрған адамның пәтерде аз ғана үлесі болса да, ол жеңілдетілген ипотека да, мемлекеттік тұрғын үй де ала алмайтын.

Қазір оқып жатыр

«Ордабасы» ҚПЛ жеңімпазы атанды

Ордабасы

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент