USD
USD
USD

Отбасы банк ипотека рәсімдеу комиссиясын 1 млн теңгеге дейін көтереді

2026 жылғы 31 қазаннан бастап Отбасы банкте алдын ала және аралық заемдарды беруді ұйымдастырғаны үшін комиссияның шекті мөлшері 1 млн теңгеге дейін өседі. Жаңа талаптар негізінен ірі сомада несие алатын клиенттерге қатысты болмақ.

Отбасы банк
Фото: hcsbk.kz

Астана, NEGE. Банк ақпаратынша, комиссия мөлшерінің өзі өзгермейді және бұрынғысынша заем сомасының 1%-ына тең болады. Алайда банк несие көлеміне қарай комиссияның шекті мөлшерін өзгертеді.

31 қазаннан бастап мынандай шекті мәндер қолданылады:

  • Егер заем 50 млн теңгеге дейінгі сомаға берілсе, онда комиссия заем сомасының 1%-ына тең болады, бірақ 300 мың теңгеден аспайды.
  • Егер заем 50 млн теңгеден 100 млн теңгеге дейінгі сомаға берілсе, онда комиссия заем сомасының 1%-ына тең болады, бірақ 500 мың теңгеден аспайды.
  • Егер заем 100 млн теңгеден жоғары сомаға берілсе, онда комиссия заем сомасының 1%-ына тең болады, бірақ шекті сомасы 1 млн теңгеден аспайды.

Банктің мәліметінше, клиенттердің 92%-ы 50 млн теңгеге дейінгі сомада несие рәсімдейді. Сондықтан олардың басым бөлігі үшін комиссияның ең жоғары мөлшері өзгермейді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда ішек инфекциясымен ауруханаға түскен РФММ оқушылары үйіне шығарылды

Алматыдағы республикалық физика-математика мектебі

Мұнайға инвестиция салмақ болған ақтөбелік бойжеткен 4,3 млн теңгесінен айырылған

Алаяқтық

Kaspi.kz медициналық ұйымға тіркелу қызметін іске қосты

Kaspi.kz

Құны 1,5 млрд теңге болатын алтын Қазақстаннан шетелге мыс кені ретінде заңсыз шығарылған

ҚМА