USD
USD
USD

Отбасы банк ипотека бойынша ескі үйлерге қойылатын талаптарды жеңілдетті

Отбасы банк ескі панельді және жекеменшік үйлерге арналған ипотека ережелерін жеңілдетті. 

Ипотека
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде банктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Енді Отбасы банк бетон және керамзитбетон негізіндегі панельді үйлердегі пәтерлерді кепілге ала алады. Ол үшін кредиттік өтінім берілген күні үйдің пайдалану мерзімі 60 жылдан аспауы тиіс», – делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін бұл мерзім 50 жыл болатын.

Сондай-ақ банк өкілдері енді құрылыс салушыдан сатып алынған СИП-панельдерден салынған жеке тұрғын үйлер де кепілге қабылданатынын хабарлады. Ол үшін кредиттік өтінім берген күні үйдің пайдалануға берілген мерзімі 5 жылдан аспауы керек.

Бұған қоса, мұндай үйлер бойынша СИП-панельдерге сәйкестік сертификаты талап етіледі және үйдің іргетасы суға төзімді материалдардан (темірбетон плиталар, бетон немесе бут тасы) қаланған болуы қажет.

Сонымен қатар үйдің ішкі және сыртқы әрлеуі толық аяқталып, барлық қажетті инженерлік коммуникациялар – су, жылу, кәріз және электр желісі жүргізілген болуы тиіс.

Қазір оқып жатыр

ҰҚШҰ оқу-жаттығуы аясында Ресей аумағына әскери техника тасымалданатыны ескертілді

Оқу-жаттығуға жөнелтілген әскери техника

Алматыдағы аса қауіпті инфекциялар орталығында өрт шықты

Өрт сөндірушілер

БҚО-да колледж студенті әкесін сотқа беріп, айына 40 мың теңге алимент өндіріп алды

блогер соты

Машинист айдалада жалғыз жүрген кішкентай бала үшін пойызды тоқтатуға мәжбүр болған

Машинист пен бала