6 Қаңтар 10:54
...

Отбасы банкі ғимараттарды күрделі жөндеуге несие бермейтін болды

ғимаратты жөндеуге несие
Фото: ашық дереккөзден

«Отбасы банкі» көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге несие бермейтін болды. Сонымен қатар осы мақсаттағы жинақтарды да қабылдамайды. 

 Алматы, NEGE. Өйткені банктің аталмыш қызмет бағытындағы лицензиясы тоқтатылады. Кондоминиум мүлкін күрделі жөндеуге несие беру қызметінің лицензиясын ерікті тоқтату туралы шешімді банктің жалғыз акционері – «Бәйтерек» ҰБХ қабылдаған.

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқармасы өзінің еншілес ұйымы – «Отбасы банкі» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ банк операцияларының жекелеген түрлеріне лицензиясын ерікті түрде тоқтату туралы өтінішпен Қазақстанның уәкілетті органына жүгінетіні жайлы хабарлама Қазақстан қор биржасында орналастырылған. 

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқармасы Қазақстан Республикасының уәкілетті органына кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және оларға тұрғын үй заемдарын беруге арналған салым қабылдау, банктік шоттарды ашу және жүргізу бойынша операциялар бөлігінде банк лицензиясын ерікті түрде тоқтату туралы өтінішпен жүгіну туралы № 53/23 шешім қабылдады», – делінген хабарламада.

«Отбасы банкі» баспасөз қызметінің түсіндіруінше, бұған дейін Мүлік иелерінің бірлестігі (ОСИ) сол үйге күрделі жөндеу өткізу мақсатында банкте шот ашып, ақша жинай алатын. Енді «Отбасы банкі» осы бағыттағы лицензиясын тоқтатып, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге несие бермейді, депозит қабылдамайды, банктік шоттарды ашпайды.

Тегтер: