USD
USD
USD

Отбасы банк 52 мыңнан астам азаматты тұрғын үй кезегінен шығарды

Отбасы банк 52 535 азаматты тұрғын үйге мұқтаждар тізімінен алып тастады. Банк өкілдері мән-жайды түсіндірді.

Отбасы банк
Фото: Отбасы банк

Астана, NEGE. Биылғы 14 қыркүйектен бастап «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға енгізілген өзгерістер күшіне енгендіктен, азаматтарды тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою және олардың деректерін түгендеу үшін жеке деректерді жинауға және өңдеуге бөлек келісім алу талап етілмейді.

Осы өзгерістерді жүзеге асыру мақсатында Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың мәліметтерін жаппай тексерген.

«Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде меншік құқығында тұрғын үйінің болуына байланысты заңнамада белгіленген тұрғын үйге мұқтаж деп тану өлшемшарттарына сәйкес келмейтін азаматтар анықталды. Сол себептен жеке меншігінде тұрғын үйі бар 52 535 азамат тұрғын үйге мұқтаждар есебінен шығарылды», – делінген хабарламада.

Банк алдағы уақытта ортақ бірлескен меншігінде тұрғын үйі бар азаматтардың да деректерін тексермек. Заңда көзделген негіздер анықталған жағдайда, олар да тұрғын үйге мұқтаждар тізімінен шығарылуы мүмкін.

Банктің мәліметінше, бұл жұмыс тұрғын үй кезегіндегі деректердің дұрыстығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй көмегін бөлу кезінде ашықтық пен әділдікті арттыруға бағытталған.

Қазір оқып жатыр

Бектенов: «Самұрық-Қазына» қорының жаңа басшысы жақын арада тағайындалады

Самұрық-Қазына

«Қайраттың» 14 футболшысы Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері атанды

Қайрат

Ақтөбеде кәсіпкерді атып кетті деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды

Күдікті

Қазақстанда әлеуметтік желілерді пайдалануға жаңа шектеулер енгізілмек

әлеуметтік желілер