USD
USD
USD

Отбасы банк 15 қазаннан бастап алты ай күтпестен баспана алудың жаңа тетігін іске қосады

Отбасы банк 15 қазаннан бастап құрылыс салушылармен бірлесіп ипотекалық несие берудің жаңа тетігін іске қосады. Енді пәтер құнының 50 пайызын жинаған қазақстандықтар алты ай күтпей-ақ аралық қарыз рәсімдей алады. 

Отбасы банк
Фото: Отбасы банк

Астана, NEGE. Бұған дейін депозит бойынша қажетті бағалау көрсеткішіне жету үшін алты ай күту талап етіліп келген.

Жаңа тетікпен аралық қарыз рәсімдеу үшін клиенттер мына шарттарды орындауы қажет:

  • Отбасы банкте депозиті болуы тиіс;
  • Депозитте қарыз сомасының 50%-ы көлемінде жинақ болуы қажет;
  • Аралық қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі 8,5% болады, кейіннен мөлшерлеме жылдық 3,5% – 5%-ға дейін төмендейді;
  • Құрылыс салушыдан таңдалған пәтердің брондалғанын растайтын хаттың болуы міндетті.

 

Жаңа талаптар бойынша пәтерді қалай сатып алуға болады?

Жаңа тетікті пайдалану үшін банк клиенті, ең алдымен, құрылыс салушының сату бөліміне жүгінуі қажет. Сол жерде пәтерді таңдап, брондау керек. Содан кейін құрылыс салушыдан ұнаған баспананың брондалғаны туралы ілеспе хат алу қажет.

Осыдан кейін ғана Отбасы банкке жүгінуге болады. Банк менеджері кредиттеудің жаңа механизмі туралы кеңес беріп, несие алуға өтінімді қабылдайды.

Жаңа механизмге алғашқылардың бірі болып BI Group компаниясы қосылады. Компания Астана, Алматы, Шымкент және Атырау қалаларынан сатып алу үшін 600 пәтер ұсынады.

«Наурыз» бағдарламасына қатысушыларға баспана іздеу мерзімі ұзартылды

Сонымен қатар Отбасы банк «Наурыз» бағдарламасы бойынша мақұлданған өтінімдердің қолданылу мерзімін ұзартты. 2026 жылдың көктемінде шамамен екі мың қатысушы ипотека алуға мақұлдау алғанымен, әлі күнге дейін өзіне қолайлы пәтер таппаған.

Бұған дейін банк баспана іздеуге алты ай уақыт берген. Бұл мерзім 12 қарашада аяқталуы тиіс еді. Енді бағдарлама қатысушылары пәтер таңдап, ипотеканы рәсімдеу жұмыстарын 2026 жылғы 30 желтоқсанға дейін аяқтай алады.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада кезекте тұрғандарға жылдық 5 пайызбен пәтер алуға өтінім қабылдау жүріп жатқанын жазған едік. А91 көшесіндегі №36, 36/1, 36/2 және 36/3 үйлердегі кредиттік тұрғын үйге өтінімдер 7-19 қазан аралығында Baspana Market сайтының жеке кабинеті арқылы қабылданады. Кандидаттарды іріктеу 21 қазанға жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

19 шетелдік Қазақстан аумағына жалған құжатпен кірмек болған

Шекара қызметкері

Маңғыстауда аурухананың бас есепшісі 32 млн теңге жымқырғаны үшін 7 жылға сотталды

Сот балғасы

Елордада қоғамдық көліктегі жолақысы 150 теңге дейін өседі

Автобус

Астанада кезекте тұрғандарға жылдық 5 пайызбен пәтер алуға өтінім қабылданып жатыр

Баспана